08.04.2026, 13:00

«Сүйемін деп қалай ұялмай айтты?»: Тұрсынбектің ескі видеосы көпті ашуландырды (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

«Мөлдір үшін ауыр сәт». 

Әлеуметтік желіде Тұрсынбек Қабатовтың экс-жұбайы Мөлдір Мұқановаға сезімін білдірген ескі видео тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бейнежазбада танымал әзілкештің:

— «Мен сені жақсы көремін, мен сені сүйемін. Бұл — қайталанбас кеш», — деп айтқаны анық естіледі.

Ал жанында отырған Мөлдірдің көзіне жас алған сәті көпшілікті толқытты.

Видеоны көрген желі қолданушылары түрлі пікір жазып жатыр:

«Мөлдір үшін ауыр сәт», «Неге дәл қазір шықты?», «Өткенді қазбау керек», «Бұл екеуінің тарихы бөлек еді...», «Қалай ұялмай сүйемін деді екен?», - деп жазды оқырмандар. 

Қалай болғанда да, бұл видео жұртты тағы да екіге бөліп, Тұрсынбек пен Мөлдірдің қарым-қатынасы қайтадан басты трендке айналды.