$ 475.31  555.54  6.05

«Сөйлеуді ұмытып қалған»: Кәмшат Жолдыбаева сұхбат беремін деп сынға ұшырады (ВИДЕО)

Осы тұста желі қолданушылары әншінің сөз саптауына шүйлікті. 

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Өнерден алыстап кеткен Кәмшат Жолдыбаеваның берген сұхбаты талқыға түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әнші сахнадан көрінбеуінің тағы бір себебін айтқан. 

"Қалай айтады? Кәрі қыз бала тапқан кезде өзін қай жерге қоярын таппайды дейтін бе сөз бар еді ғой. Осы сөз мен туралы. Негізі көбі қате түсінікте. Күйеуі қатал және шығармай жүр деп ойлайды. Мен келін болар уақытта психологияға бет бұра бастадым. Қазіргі уақытта мен біреудің әйелімін, анасымын, келінімін", - деді ол. 

Осы тұста желі қолданушылары әншінің сөз саптауына шүйлікті. 

"Тіл байлығы аздау екен", "Сөйлеуді ұмытып қалыпты ғой", "Осы әншісымақтар кітап оқымай ма, сөз саптай алмасаң сұхбат берме", деп жекіді желідегілер. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0