Желі қолданушыларының ішінен Нарұлдың бұл қылығын жақтап, балалыққа балап жатқанда да табылды.
Қайрат Нұртастың үлкен ұлы Нарұл желіні шулатты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ол өзінің жеке парақшасында мектеп кабинетінде мұғаліммен түскен видеосын жариялаған. Көпшілік Нарұл Қайратұлының бұл әрекетін жақтырмай, түрлі пікір жазды.
"Осыдан кейін мектепте қандай тәртіп болсын", "Әншінің ұлы көңіл көтеріп жүр", "Қайраттың ұлы болған соң шыдап тұр ғой", "Сонда бәрібір ме?", деді олар.
Желі қолданушыларының ішінен Нарұлдың бұл қылығын жақтап, балалыққа балап жатқанда да табылды.
Айта кетейік, Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова 2 ұл 3 қыздың ата-анасы.