Қарасаң көз тоймайды...
Танымал актриса әрі блогер Жанел Мақажан тұңғыш қызын ұзатып, алдағы уақытта дүркіретіп той жасағалы жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл қуанышты жаңалықты өнер иесі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, қызына деген ақ тілегін жеткізді.
«Бақытты бол, қызым! Жаңа өмірге басқан қадамың оң болсын! Қарасаң көз тоймайды», – деп жазды ол, ана жүрегіндегі толқыныс пен қуанышты жасыра алмай.
Желі қолданушылары да бұл жаңалыққа бейжай қарамай, актрисаны құттықтап, жас жұбайларға ақжарма тілектерін жаудырды. Көпшілік қыз ұзату – әр ана үшін ерекше сәт екенін атап өтіп, Жанел Мақажанға сабыр мен қуанышқа толы той тілеп жатыр.