Танымал әнші, актриса Айгүл Иманбаева жас қыздарға маңызды ақыл-кеңестерін берді. Ол өз сөзінде, дамудың да, жетілудің де көп нәрсесі айналаңдағы адамдарға байланысты екенін айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
"Басымнан өткен шынайы оқиға…Сіздерге де бір пайдасы тиер, жақсы орта таңдаңыздар!
Айтпақшы баня дегенді әркім әртүрлі түсінеді.Және әркімнің банясы әртүрлі.Біреу үшін жай жуынып шығатын ғана орын.Біреудікі ол үлкен демалатын (Комплекс) сондақтан түсінбей қалмаңыздар", - деді ол.
Айгүл Иманбаева, әсіресе қыздарға дұрыс орта таңдап, тек жақсы адамдармен араласудың маңыздылығын атап өтті.
Әншінің пікірінше, өмірдегі жетістіктерің мен даму жолың сенің жаныңдағы адамдармен тікелей байланысты. Сондықтан өзіңді қоршаған ортаға мұқият таңдау жасаған жөн.