"Енді мынау не, аяқ, кеуде бәрін көрсетіп".
Танымал әнші Айдана Меденова тағы да көпшіліктің сынына ұшырады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Айдана Меденова орамалын шешіп, өзгерген стилімен көпшіліктің назарын аударды.
Өнер иесі бұл жолы ақ оюлы көйлек киіп, гүлдердің арасында түскен фотосессиясын жариялаған. Желі қолданушыларының бір бөлігі оның нәзік келбетіне тәнті болып, жылы лебіздерін білдірсе, енді бірі киім үлгісі мен имиджіндегі өзгерістерді сынға алған.
Тыңдармандардың пікірі екіге бөлінді: бірі әншінің табиғи сұлулығына сүйсінсе, енді бірі оның жаңа образын сынға алды.
Пікір қалдырғандардың арасында «Корея фильміндегі кейіпкерге ұқсайды», «Мұндай сұлулықты жасыруға болмайды», «Періштедей көрінеді» деп жазғандар да бар. Сонымен қатар, керісінше пікір білдіргендер де табылып, олар әншінің ашықтау образын құптамаған.
«Түсінбеймін, мейлі орамалды шешіпті. Енді мынау не, аяқ, кеуде бәрін көрсетіп. Мұндай көйлекпен түскенше, біржола шешініп түсе салмай ма», «Орамалды шешті, енді біртіндеп бәрін шешуге көшті. Жақында мүлде бәрін шешіп тастайтын шығар», «Қазақтың өнерлі қызы еді. Арабтың киімін шешкені дұрыс болған шығар, бәлкім діннің не екенін түсінген болар», — деген пікірлер де жарияланды. Айта кетейік, соңғы уақытта Айдана Меденова жеке стиліндегі өзгерістерімен жиі талқыға түсіп жүр.