"Шаршасаң енді не істеймін, не кәсіп бастаймын деп ойлану керек".
Танымал әнші Димаш Құдайберген өзінің пікірімен көпті тәнті етті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ол жастарға өз ақыл-кеңесімен бөлісті.
"Көңіл-көтеру кештеріне қарсымын. Шаршамау керек. Шаршасаң енді не істеймін, не кәсіп бастаймын деп ойлану керек. 40-жасқа дейін өте көп еңбек ету керек. Кейін зейнетке шыққанда демалу керек", - деді өнер иесі.
Көпшілік әншінің бұл жауабына риза болып түрлі пікір қалдырды.
"Ерең еңбегінің арқасында жетті ғой осы дәрежеге", "Басынан аяғына дейін білім, даналық!", "Өте дұрыс айтады. Ақылды бала ғой", - деп жазды оқырмандар.