11.04.2026, 10:30

«Қасиетті Меккеде білдім»: Танымал блогер сүйінші жаңалығын жария етті (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/abilova_m

Қос ғашық үшін бұл – үлкен бақыт пен жауапкершілікке толы жаңа кезеңнің бастамасы.

Танымал блогер Мерей Абилова мен футболшы Димаш Қашкен отбасында қуанышты жаңалық – олар екінші рет ата-ана атанбақ, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жақсы хабарды блогер өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында бөлісіп, ерекше сәттің Мекке қаласында болғанын атап өтті. Оның айтуынша, жүктілік жайлы сүйінші жаңалықты дәл осы қасиетті жерде білген.

Желі қолданушылары мен оқырмандары жас отбасыға ақ тілектерін жаудырып, қуаныштарына ортақтасуда. Көпшілік сәбидің аман-есен дүниеге келуін тілеп, отбасының бақыты арта берсін деген ізгі ниеттерін білдіріп жатыр.

Айта кетейік, Мерей Абилова әлеуметтік желіде белсенділігімен, отбасылық контентімен және өміріндегі маңызды сәттерді шынайы бөлісуімен танымал. Ал Димаш Қашкен отандық футбол саласында өз орнын қалыптастырып жүрген спортшылардың бірі.

Қос ғашық үшін бұл – үлкен бақыт пен жауапкершілікке толы жаңа кезеңнің бастамасы. Жанкүйерлері олардың шаңырағына тағы бір қуаныш сыйлайтын сәтті асыға күтуде.