13.04.2026, 03:30

«Кәмшат бізді лақтырып кетті»: «Кешьюдің» экс-мүшесі бар шындықты жайып салды (ВИДЕО)

Коллаж: SN.kz

"Өзінің мінезін көрсетті". 

"Кешью" тобының экс-мүшесі Анель Аринова Кәмшат Жолдыбаева жайлы күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол Кәмшаттың не себепті топтан кеткенін айтты. 

"Кәмшат біз концертке шығар алдында кетіп қалды. Себебі өзінің мінезін көрсетті. Сондықтан оны алып тастады", - деді ол. 

Ал әнші Мөлдір Әуелбекова оның керісінше Голливудты бағындырам деп кеткенін айтты. 

"Голливудқа кетемін. Сол жақты бағындырамын деп кеткенін естідім. Содан ақыры солай кетті. Біз Анель екеуміз де сосын кетіп қалдық", - деді өнер иесі.