Ол өзін "еркекке ұқсайсың" дегендерге жауап беріп, оның өз себебі барын ашық айтты.
Әнші Гүлмира Ізбасхан "Kezdesu" YouTube арнасына берген сұхбатында өзі туралы біраз шындықтың бетін ашты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ол өзін "еркекке ұқсайсың" дегендерге жауап беріп, оның өз себебі барын ашық айтты.
"Айта саламын маған бәрібір мен жігітпен жатпағанмын. Менің фигурам жасөспірімдікіндей. Жігітпен жатқан қыздың бөксесі өсіп, мүсіні өзгереді. Біздің шымкентік тәрбие бойынша күйеуіңе адал болып баруың керек. Сол КСРО-ның түсінігі менде қалып қойған. Бірақ қазіргі қыздар ондай емес. Мені олар ауылбай дейтін шығар. Бірақ сондай түсінік, содан кейін менде бөксе жоқ", - деді Гүлмира Ізбасхан.