"Оған барлығы ұнады деген ойдамыз".
Тұрсын Алагөзов пен Баян Мақсатқызы Американың танымал тревел-блогері Коннор Кампергини мен оның жұбайын өз шаңырағына қонақ етті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
“Бүгін танымал тревел-блогерді қарсы алдық. Оған барлығы ұнады деген ойдамыз. Ол бізге қонаққа келуге өзі ниет білдірді. Біздің үй қаланың көрікті жеріне айналған сияқты”, - деді Баян Мақсатқызы.
Айта кетейік, бұған дейін блогер Қазақстанға сапары кезінде туризм және спорт министрлігіне қатысты наразылығын білдірген болатын. Оның айтуынша, ресми шақыру алғанына қарамастан, оны елде ешкім қарсы алмаған. Осы жағдайдан кейін Қазақстанның туризм және спорт министрлігі блогердің мәлімдемесін жоққа шығарды. Ведомство оның арнайы шақырылғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеген болатын.