"Анамыздың жасы біразға келіп қалды".
Танымал әнші Димаш Құдайберген жан сырымен бөлісті деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әншіге тыңдарманы:
"3 кесе шайды кіммен бірге ішер едіңіз? Кім сізге мотивация береді?" деген сұрақ қойған.
Өнер иесі:
"Анаммен. Үлкен кісілердің қолында өстік қой. Анамыздың жасы біразға келіп қалды. Сексеннің ар жақ бер жағы. Мен әлемнің әртүрлі елдерінде жер шарын аралап жүре берем. Әрқашан анамызбен бас қосып, шай ішіп отырғанда кеткің келмейді. Кеше ғана келдім Астанаға. Бүгін көрістім, кеше көрістім. Енді айдың соңына лейін көрісе алмаймыз. Сондықтан мейлімше сол кісімен көбірек уақыт өткізуді өзім қалаймын, өзім армандаймын. Бірақ бізде де жұмыс бар, халық алдындағы міндет бар. Бірақ жүрегімізде әрқашан анаға деген сағыныш бар. Сол кісілермен шай ішкенге ешнәрсе жетпейді"- , деді әнші.
Желі қолданушылары Димаштың бұл жауабына тәнті болып түрлі пікір қалдырды.