"Сөйлеу мәнері төмен екен".
Танымал әнші Мадина Садвакасова жеке өміріне қатысты тосын мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Өнер иесі журналист Динара Жанықұлға берген сұхбатында концерттерде киген көйлектерінің көбін сақтамайтынын айтты. Оның сөзінше, тіпті қымбат кутюр үлгілерін де уақыт өте келе өртеп жібереді. Әнші бұл әрекетті ерекше дәстүрге айналдырғанын жасырмады. Ол ата-анасының үйіне барған сайын, бұрынғы сахналық киімдерін жинап апарып, аулада өртейтінін жеткізді. Бұл істе оған туған інісі көмектеседі екен. Мадинаның айтуынша, бұл – өткен кезеңмен қоштасудың және жаңа шығармашылық кезеңге қадам басудың бір жолы.
"Көйлектеріпм өте көп. 1 ай киемін. 1 айдан асырмаймын. Сақтамаймын. Жағып жіберемін отқа. Дизайнерлік көйлек болса, бутиктерге беремін. Сіңілім көйлектерімді прокатқа беретін. Ол ритуал сияқты. Әке-шешемнің үйіне барамын. Бақшаға ортаға шығарады. Сосын жағамыз", - деді әнші.
Желі қолданушылары әншінің бұл әдетін әртүрлі қабылдады: бірі таңданысын жасырмаса, енді бірі қымбат дүниелерді жоюды орынсыз деп бағалады.
"Қып-қызыл өтірік", "Өтірік судай сапырып отыр", "Не сұрақ мынау? Не жауап?", "Өтірігін ұйқастыра алмай отыр", "Сөйлеу мәнері төмен екен", "Мақтаншақтық, ысырапшылдық", - деп жазды оқырмандар.