$ 473.13  554.08  6.13

«Есеп бергім келмейді»: Жұлдыз Әбдікәрімова ешкім күтпеген жазба жариялады (ВИДЕО)

Сондай-ақ актриса өткен өмірге есеп берудің мәні жоқ екенін айтып, бүгінгі күнмен өмір сүру маңызды екенін жеткізді.

Фото: instagram.com/zhuldyzabdykarimova
Фото: instagram.com/zhuldyzabdykarimova

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова туған күніне орай әлеуметтік желіде әсерлі жазба бөлісіп, өміріне қатысты ой-толғамдарын ортаға салды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«38 жас. Бұйыртса 13 879-таңым атады. Осы жасқа жеткенше ата-анама бала, бауырларыма жанашыр, ата-енеме келін, жолдасыма жар, балаларыма ана, құрбыларыма дос, әріптестеріме маман болуға тырысып келедi екенмiн. Қайсысын мінсіз орындап жатқанымды білмеймін. Оларға аян», – деп жазды ол.

Сондай-ақ актриса өткен өмірге есеп берудің мәні жоқ екенін айтып, бүгінгі күнмен өмір сүру маңызды екенін жеткізді.

«Дүркіретіп тойласам да жарасар еді. Бірақ, күйім бөлек болып тұрғаны. Артыма қарап, өткен өмірге шолу жасап, өзге түгіл өз алдымда есеп бергім келмейді. Пайдасы не? Өткендігін ештеңесін өзгерте алмайсың! Болашаққа мың сан жоспар болғанымен, адамның басы Алланың добы ғой, не дайындағанын кім білген? Демек, уысымда бүгінім ғана бар», – деді өнер иесі.

Жұлдыз Әбдікәрімова алдағы уақытын сүйікті ісіне арнауды жоспарлап отырғанын да атап өтті.

«Арман, мақсат, меже жоқ емес бар. Алдағы уақытымды өзім өлердей жақсы көретін мамандығым, театр саласындағы еңбекке деген қарызымды өтеуге арнасам деймін. Қолдан не келерін, шығар биігімнің тау әлде төмпешік боларын, алар асуымның межесі қай биікке жетерін әзірге білмеймін. Тек О-ған тәуекел еттім! Бір анығы – жүрек соны қалайды, ниет еттім. Өзіңе тура баста…», – деп түйіндеді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0