$ 473.13  554.08  6.13

«Ененің мектебінен өтуі керек»: Светлана Айтбаева болашақ келінін бөлек шығару жайлы (ВИДЕО)

"Ағайын-туыспен араласып, қонақ шақырып, дастархан жасап..."

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің анасы жас жұбайлардың бөлек шығуы жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Болашақта Димаштың жары екеуі бөлек тұрамын десе еш қарсылығы жоқ екенін айтты.

Алайда бірнеше талаптар да бар.

"Қазіргі заманның талабына, жұмыс барысына қарай ғой ол. Бәрін тастап міндетті түрде 1 жыл бірге тұрыңдар деп күштеуге де болмайды. Жұмыстары болады, оқиды бірақ келген отбасының, үйдің тәрбиесін көру керек міндетті түрде. Ағайын-туыспен араласып, қонақ шақырып, дастархан жасап, сондай бір әдемі мектептен өтуі керек. Ал бөлек немесе бірге тұруы ол қазіргі заманға сәйкес өздері шешеді. Бірақ қандай жағдайда да ең бірінші сол үйдің дәстүрін білуі керек, үйрету керек міндетті түрде", - деді Светлана Айтбаева.

Оқырмандар бұл пікірді қолдайтындарын жазып, түрлі пікір білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0