Әнші отбасы мәселесінде әйелге ғана көңіл аударылып, еркектердің назардан тыс қалатынын айтты.
Танымал әзілкеш Қайрат Әділгерейдің әйелі Бақыт Тұрман психологтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әнші отбасы мәселесінде әйелге ғана көңіл аударылып, еркектердің назардан тыс қалатынын айтты.
"Қазіргі толған психолог-коучтарға айтарым, бағыттарыңызды кішкене өзгертіңіздер. Еркек жаққа қарай ауыстырыңыздар. Әйелдердің миын ашытып болдыңыздар. Байитын әйел әлдеқашан байитын еді. Ол еркексіз қалай байиды? Сіздерді оқып алып үйге келеді, ал еркегі ешқандай сөзге көнбейтін болса, қайдан байиды ол әйел? Қалай бақытты болады ол әйел? Сондықтан екі жақты ойлайық. Енді еркектерге бағыттаңыздар, тәрбиелеңіздер. Әр ата-ана ұл өсіріп отырма күнде айтсын: "Өзіңнен шыққан нәрсеге, айтқан сөзіңе жауап бер" деп. Далада жатқан бала жоқ. Кімнен туса да әкесін білу керек.", - деді ол.
Желі қолданушылары Бақыт ханымның бұл пікірін қолдап, түрлі пікір жазды.