18.04.2026, 15:30

«Арманым-азан шақыру»: Қайрат Нұртас ел білмейтін сырымен бөлісті (ВИДЕО)

Коллаж: SN.kz

Өнер иесі бұл жайында журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында бөліскен.

Танымал әнші Қайрат Нұртас өзінің көптен бергі арманы туралы айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі бұл жайында журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында бөліскен.

Оның айтуынша, ел ішінде өзі туралы түрлі пікірлер айтылғанымен, ол халқына тек игі із қалдырғысы келеді.

"Мен туралы көп әңгіме жүреді, бірақ мен еліме тек жақсы нәрсе қалдырғым келеді. Менің ең үлкен арманым - азан шақыру. Қанша жылдан бері армандап келе жатырмын. Негізі дауысты да сол үшін берген деп ойлаймын. Сол арманыма жеткім келеді", – деді әнші.

Сондай-ақ ол денсаулығы мүмкіндік берсе, 70 жасқа дейін сахнада ән айтып, шығармашылығын жалғастырғысы келетінін жеткізді.