$ 469.52  553.75  6.15

«Үнді актрисасына ұқсатты»: Қайрат Нұртас жары Жұлдызбен қалай танысқанын айтты (ВИДЕО)

"Содан сөзі де, көзі де ұнап қалды".

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Танымал әнші Қайрат Нұртас жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімовамен қалай танысқанын еске алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі бұл оқиғаны журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында баяндаған.

Жұлдыз Әбдікәрімованың сөзінше, биыл олардың шаңырақ көтергеніне 19 жыл толса, бір-бірін танығандарына 20 жыл болған. Болашақ жұп Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжіде білім алған. Айта кетейік, Жұлдыз әншіден бір жас үлкен.

"1-курста оқимын. Колледждің қасында асхана бар еді. Сол кезде топтастарымен ас ішіп отырған бір сұлуды көрдім. Оның қасында 2-курста оқитын группаласы "інім, маған қасық, шанышқы мен нан әкеліп берші" деген. Жақсы деп апарайын деп жатқанымда Жұлдыз жаныма келіп, "сен еркексің ғой, әкел, өзім апарайын" деді. Содан сөзі де, көзі де ұнап қалды", – деп еске алды әнші.

Сонымен қатар, Жұлдыздың айтуынша, Қайрат Нұртас үнді фильмдерін ерекше жақсы көрген.

Тіпті ол сүйіктісін үнді актрисаларына ұқсатқан екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0