19.04.2026, 03:30

«Гүлзираның идеясы»: Жұлдыз Әбдікәрімова неге 10 жыл ел алдына шықпағанын айтты (ВИДЕО)

Коллаж: SN.kz

Бұл туралы ол Динара Сәтжанға сұхбат берген.

Танымал әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова 10 жыл үйде отырғаны жайлы ашық айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол Динара Сәтжанға сұхбат берген.

"10 жыл үйде отырмын. Әркімнің түсінігінде 10 жыл әртүрлі. 10 жыл қамақта отырған жоқпын. Бірақ 10 жыл декретте отырдым. Қайрат енді көтеріліп келе жатты. Екіншіден балаларым арты-артынан дүниеге келді. Бастапқы үшеуінің аралары 1 жас. Хан мен Нарұлдың арасы 3 жас бірақ ол да аз. Балалар кішкентай болғандықтан сол кезде қастарында менің болғаным маңызды болды. Бала барынша ананың махаббатына шомылып өскенін қаладым. Себебі 3 бала. Есесіне мен балалардың қалай өскеніне өзім куә болдым. 10 жыл отырғанда ел үйде отырып қалды деп ойлайды. Ел алдына да шыққан жоқпын. Тойларға барған жоқпын. Мен де Гүлзира Үсенқызының бір жобасы болдым. Солай алдын ала жоспарлады", - деді Жұлдыз Әбдікәрімова.

Желі қолданушылары да Гүлзира Айдарбекованың даналығына тәнті болды.