19.04.2026, 01:30

«Айқынның кесірі»: Баян Алагөзова Жұлдызды «Кешьюдан» қуып жібергенін айтты (ВИДЕО)

Коллаж: SN.kz

"Бірақ оның кеткісі келген жоқ!"

Танымал продюсер Баян Алагөзова Жұлдыз Өмірғалиді Кешьюдің құрамынан қуып жібергенін айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Айтуынша оған Айқынмен қарым-қатынасы себеп болған. 

"Жұлдыз Айқынға кетіп қалды деді қыздар. Мен Қалай кетіп қалды деп таң қалдым. Себебі оларда махаббат деді. Мен жеке өмірі бар екенін біле сала: "Жұлдыз сен жақсы қызсың! Бірақ болды, бәрі бітті дедім. Бірақ оның кеткісі келген жоқ! Айқын менен топта қалдыруымды өтінген. Мен жоқ дедім. Ең талантты қызды ауыстыру да оңай. Кешью деген қыздар емес, бұл жоба. Әр қыздың қазір өз жолы, өз наны бар. Шүкір! Олардың Кешьюдан шығуының арқасында ғана өздерін қалыптастырғандарына қуанамын", - деді ол. 

Желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды. 

"Баянның арқасында олар танымал болды", "Баян ең болмағанда сыйлауы керек еді", "Танымал болатын болса тұрмысқа шығудың не қажеті бар", - деп жазды оқырмандар.