19.04.2026, 05:30

«Мені де күтіңіздер»: Мадина Сәдуақасова подуимға шығып, дефиле жасайтынын айтты (ВИДЕО)

Коллаж: SN.kz

Өнер иесі подиумға шығуға қызығушылығы бар екенін жасырмады.

Kazakhstan Fashion Week-ке қонақ ретінде келген әнші Мадина Сәдуақасова күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі подиумға шығуға қызығушылығы бар екенін жасырмады. Оның айтуынша, бұрын подиум тек ұзын бойлы, 90-60-90 параметрлі модельдерге арналған деп ойлаған.

Алайда қазіргі сән көрсетілімдерінде әртүрлі образдағы қыздарды көріп, өзіне де сенім пайда болғанын айтты.

«Мені де күтіңіздер», – деп әзілмен жеткізді әнші.

Сондай-ақ, ол көрермендердің өзін көбіне Азамат Арғынбаев пен ARUNAZ дизайнерлерінің киімінде көріп үйренгенін айтып, сол стильдің өзіне жақын екенін жеткізді.