20.04.2026, 11:20

«Өмірге баулыды»: Жұлдыз Әбдікәрімова ата-енесі жайлы ашық айтты (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

"Осы екеуі адам болып кетсін деп өмірге баулыды". 

Танымал әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова ата-енесі жайлы ашық айтты, деп хабарлайды.

Бұл туралы ол Динара Сәтжанға сұъбат берген. Жұлдыздың айтуынша 10 жылдан астам бірге тұрған ата-енесі оған нағыз өмірлік сабақты бере білген.

"Жалпы атам да, енем де тәрбие берді. Қарап тұрсаңыздар мен 1 айдан кейін 38 жасқа толамын. Мен бұл әулетке енемнің жасы 38-де болғанда келгенмін. Сұрақ қоямын өзіме: "Сен ене болуға дайынсың ба?". Сол кісінің 38 жасымен қазір өзімді салыстырған кезде мен дайын емеспін. Жас кезінде ене атанды. Біз бірге ол ене болып, мен келін болып бір-бірімізді қолдап отырдық. Бір қасиеті бойыма дарыды десем артық айтпаймын. Ол кісі ене болып, "ананы бүйт, мынаны сүйт" деп нұқып отырған жоқ. Керісінше өзі істеп, ілесіп жүретін. Өзінің іс-әрекетімен көрсетті маған былай жасау керек деп. Жасап жүріп айтып жүрді. Солай келінге сіңеді, солай өтеді. Солай өтімдірек. Қонақ бізде мүлдем үзілмейтін. Жазда бізге ауылға туған-туыстар келетін. Жалпы ата-енемнен алған тәрбием осы екеуі адам болып кетсін деп өмірге баулыды. Маған балық емес, қармақ берді ол кісілер. Мен ол кезде түсінбеуім мүмкін. Ал қазір мен ойлана келіп осы шешімге келдім. Кез-келген жағдайдан оңай шығып кетемін", - деді Жұлдыз Әбдікәрімова.

Желі қолданушылары Гүлзира Айдарбекованың даналығына тәнті болды.