Дана Нұржігіт бұл жағдайдың өзіне қатты әсер еткенін айтып, қоғамнан бейжай қалмауды сұрады.
Журналист, тележүргізуші Дана Нұржігіт әлеуметтік желідегі парақшасында алаңдатарлық оқиға туралы жазып, көпшіліктен көмек сұрады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Оның айтуынша, ажырасқан, баласы бар әйел танысқан ер адам тарапынан қысым мен қорлық көріп жүрген көрінеді.
«Жаңа ғана бір кездесуден келдім. 40 келіп қалған келіншек. Баласы бар. Күйеуінен ажырасқанына біраз болған. Басы бос ер адаммен танысып, көңіл қосады. Бас-аяғы екі айдың ішінде өмірін тозаққа айналдырып жіберген. Бүкіл ақшасын сыпырып алған. Кет десе, кетпейді! Қорқытады, ізін аңдиды. Соңғы рет келгенде 5-6 сағат бойы үйді құлыптап қойып ұрған-соққан. Әйел өз үйінен әрең қашып шыққан. Полицияға арыз жазып, істі бастамақшы екен, адвокатқа ақша жоқ… Анау адам күні-түні қорқытып, әр түрлі тлф соғады. СТАЛКИНГ. Таныс жағдай», - деп жазды.
Дана Нұржігіт бұл жағдайдың өзіне қатты әсер еткенін айтып, қоғамнан бейжай қалмауды сұрады.
«Жекеме жазып, қиылып сұраған соң кездесуге барып едім. Енді жанымды қоярға жер таппай отырмын. Көмектесу керек!», - деді Дана Нұржігіті.