$ 469.49  552.59  6.24

«Димаштың жарына жарасады»: Кейуана Қыз Жібектің камзолына лайық адамды айтты (ВИДЕО)

Қарияның сөзінше, Баян Мақсатқызы аталмыш тарихи жәдігерді иемденуге лайық емес. 

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

TikTok желісінде туралыққа бастаушы Құралай деп танылған кейуана Қыз Жібектің камзолына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қарияның сөзінше, Баян Мақсатқызы аталмыш тарихи жәдігерді иемденуге лайық емес. 

"Баян Алагөзова оны алуға лайық емес. Енді оған кім лайықты екенін айтайын. Димаш Құдайберген. Димаш үйленетін болса, соның келіншегі кисе болады. Димаш бүкіл қазақты танытты, еңбегін сіңірді, нағыз қазақтың баласы. Өйткені ол жаңа күйеуге шыққан қыздың киетіні. Баян Алагөзова жасы пәленге келген, пәлен байға тиген әйел. Сол себепті лайықты емес. Димаштың болашақ жары кисе жарасады", - деді ол. 

Желі қолданушыларының бір бөлігі бұл сөзді жақтасы, енді бірі қарсы шықты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0