"Күйеуімді ешкім алмастыра алмайды".
Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева өзінің жан сырымен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі "Соңғы рет қашан жыладыңыз?" деген сұраққа жауап берді.
"Мен өте жиі жылаймын. Сахнада образға кіріп те жылаймын, күйеуімнің басына барып та жылап аламын. Ұмітілмайтын өзімнің жан-жарымсыз бүгін Роза Рымбаева болып тұрар ма едім? Қалай сағынбаймын? Оның деңгейіне жеткен, сол сияқты дәрежесі жоғары адамды мен кездестірмедім, іздемедім де. Күйеуімді ешкім алмастыра алмайды. Ол мәңгі жүрегімде", - деп жауап берді әнші.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдірді.
"Бұл кісі неше ғасыр, жастарды өз іс-әрекетімен, сұлу мінезімен, білімділігімен, көрегенділігімен тәрбиелеп келе жатқан, жарық жұлдыз, тұлға", "Жұмаққа бірге кіруді нәсіп етсін", "Жалғыздық қиын ғой. Роза апай дана ғой, Алла қуат берсін", "Жыламаңызшы Роза апай", - деп жазды оқырмандар.