Бағың бес елі болсын, алтыным!
Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева келініне су жаңа автокөлік сыйлап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қуанышты жаңалықпен танымал коуч өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Ақын келінінің 26 жасқа толуына орай ерекше сый жасағанын айтты.
Сонымен қатар ол келініне ақ тілегін арнап, жүрекжарды сөздер жазды.
“Осындай қызды өсірген құда-құдағиға мың алғыс! Бағың бес елі болсын, алтыным! Үбірлі-шүбірлі бол, аяулы ана, сүйікті жар болып бақытты өмір сүр! Ұлым екеуің қол ұстасып бірге жүріңдер! Біз сені өте жақсы көреміз”, – деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.
Желі қолданушылары бұл сыйлыққа тәнті болып, ақынның кең пейіліне ризашылығын білдіріп жатыр.
Пікірлер арасында: «Сіздей ене болу бұйырсын», «Нағыз жомарттықтың үлгісі», «Әрдайым айналасына қуаныш сыйлап жүретін жан» деген жылы лебіздер көптеп жазылған.