23.04.2026, 18:00

«Жылап, жаман болдым»: Мақпал Жүнісова өзіне жасалған әділетсіздік жайлы айтып берді (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Өмірде түрлі жағдайды көресің.

Танымал әнші Мақпал Жүнісова бір кездері қолы жетіп тұрып, жеңісінен айырылып қалған сәтте еске алып, қандай күйде болғанын айтты, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Ескі архивтерінен бір видео бөліскен Мақпал Жүнісова: "Алматыда өткен осы конкурста 3000 адамнан бірден көзбе-көз дауыс жиналды,мен жеңіп шыққан едім.

"Финалға Москваға дайындық екі ай жүрді,бірақ екі апта қалғанда осы іріктеуде мүлдем қатыспаған Бақтияр Тайлақбаев барады деп мәдениет министрлігінен хабар келді,мен жылап жаман болған кез еске түсті"деп жазды ол.