"Біреудің қартайып кеткен байын тартып алып..."
Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың атымен байланысты аталып жүрген Айман Талғатқызы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Айман туған күнін атап өткенін айтып, парақшасына құттықтаулар мен суреттер жариялаған. Алайда желі қолданушылары оның жазбаларына түрлі сын пікірлер қалдырған.
Бұл жолы Айман Талғатқызы жағымсыз пікірлерге үнсіз қалмай, жауап қайтарды. Оқырмандардың бірі оның жеке өміріне қатысты ауыр сөз айтып, айыптаған.
"Біреудің қартайып кеткен байын тартып алып мәзсің бе, қайыршы-ау", - деп жазды.
Өз кезегінде Айман әлгі пікір иесіне қарсы жауап жазып, оның сөзін де, кәсібін де сынаған.
"Қайыршы сен ғой, не сатып жүргенін өзі білмейтін. Сөзі қандай болса, өзі де сондай", - деп жауап жазды.
Желіде бұл жағдай қызу пікірталас тудырды. Бірі Айманды қолдаса, енді бірі керісінше оның әрекетін сынға алды.