24.04.2026, 15:40

«Біз сені күтеміз, балапан»: Әнші Серік Ибрагимов сүйінші жаңалығын жария етті (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Аман-есен дүниеге келсін!

Танымал әнші Серік Ибрагимов пен жары Айнамкөз Әбдімаева төртінші сәбиін күтіп жүр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Сүйінші жаңалықты өнер иесінің жары әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Әнші жарымен бірге гендер-пати өткізген. Олар жақында ұлды болады.

“Біз сені күтеміз, балапан”, – деп жазған ол.

Желі қолданушылары ерлі-зайыптыны жарыса құттықтап, әншінің жарына жеңіл босануын тілеп жатыр.

“Аман-есен дүниеге келсін”, “Мен көрген ең сүйкімді гендер пати”, “Кім болса да дені сау болсын”, “Керемет жаңалық”, – деп жазған олар.