30.04.2026, 13:00

«Бақыт дегеніміз еркек пен ақша емес»: Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі жазбасымен көпті ойландырып қойды

Фото: коллаж Sn.kz

Олай ойласаңыздар қателесесіздер!

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы атанған Айман Талғатқызы ауылдағы күнделікті тұрмыс тіршілігін көрсетіп, видео жариялап, оқырмандарына ақыл айтты деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Айман Талғатқызы жер үйі бар, ауылды жерде өмір сүретіндерін көрсетті.

Келесі бір видеосында Тұрсынбектің тоқалы қытайдың арбалы мотоциклімен ауылдарындағы дүкенге өзі барып, керекті заттарын артып әкеліп, өзі түсіріп жатқанын көруге болады. 

Ал сырттағы ошақта "қазан мангал" жасаймын деп тазалық жұмыстарын жүргізген Айман Талғатқызы "кей қыздар бақытты тек ақшамен, дүниемен, еркекпен бағалайды екен. Неге? Олар болмаса бақытсыздық деген сөз бе? Қате қыздар"деген жазбамен тіршілігінен тағы бір видео жариялады.