Бұл туралы ол жеке парақшасында жазды.
Танымал айтыскер Сара Тоқтамысова өнердегі жездесі Балғышбек Имашқа ренішін жеткізді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы ол жеке парақшасында жазды.
"Жанымның жыртпас ақ шүберегін, Балғынбек жездем жақсы деп едім. Жандарбек, Айнұр, Сырыммен бірге Менсіз көбейді гастрольдерің!
Ақ жездем едің шуақтай маған, Кей істеріңді ұнатпай барам… Балшырын жұлдыз болып кетсе де, Балдызын бірақ жылатпайды адам.
Жездеме артқан үмітім қайда, Сараның ертең күні тумай ма?! Бөлінсеңдер де қазақ халқы үшін Сара ақын қызды ұмыту қайда?!
Не болды сонша бөлердей жаман, «Аулақ жүр бізден» дегендей маған. Балшырын менен Жансырым көрсем, Нервтен күйіп өлердей болам.
Бір сұрақ мені ойға батырды, Ұмыттың қалай Найман ақынды? Ақтамай жүрсің «Ақ жезде» деген Семейлік қыздар қойған атыңды.
Жай кезде мені жиі алдайсың ба, Шоуыңнан орын қия алмайсың ба? Балдызың бірақ кешірімді ғой, Қайын жұртыңнан ұялмайсың ба?
«Сарқанайым» деп жиі алдайсың ба, Маған бір орын қия алмайсың ба? Менің жүрегім кешірімді ғой, Семейліктерден ұялмайсың ба?!
Қалың жұртыңды жиі алдайсың ба, Қайын жұртыңды сүйе алмайсың ба? Менің жүрегім кешірімді ғой, Жазира апамнан ұялмайсың ба?!", - деді ол арнайы өлең жолдарын арнап.
Ақынның бұл дүниесі көпшілікке ұнап, желіде жүздеген пікір жинады.