03.05.2026, 12:30

«Сонша қартайып кетіпті»: Алтынай Жорабаеваның қазіргі түрі жұртты шошытты (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Түріне не болған?

LIVE Бүгін арнасына сұхбат берген әнші Алтынай Жорабаеваның қазіргі түрін көрген жұртшылық қатты шошып, түрлі сыни пікірлер жазуда, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әнші Алтынай Жорабаева жақында ұзатылатын қызы туралы айтып: "Құдағиыма қызымның жақсысын асырып, жаманын жасырасыз дедім. 

Жұрттың көбі қыздарыма қызығып, құда болғысы келетінін айтады. Шешесі сияқты пысық деп ойлайды. 

Қыздарым сондай пысық деп айта алмаймын. Мен де пысықтықты кейін үйрендім ғой", дейді күліп. 

Әйтсе де, жұртты Алтынайдың қызы емес, қазіргі түрі қатты алаңдатты. 

"Түріне не болған", "сонша қартайып кетіпті", "масқара, түрі ағып кетіпті ғой", "бұл сонша кәрі жаста емес еді ғой, не болған" дегенге саятын пікір жазған жұрт таңғалуда.