Бірақ жүрегі… тұнып тұрған мейірім.
Белгілі әнші Қарақат Әбілдина кезекті концертінде болған ерекше жағдай туралы айтып, сол сәтте басынан кешірген ғажайып сезімдерімен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
"Залда отырған бір жаннан «Сізбен бірге ән айтқым келеді» деген хат келді… Сахнаға шақырсам, жаным-ай, мүмкіндігі шектеулі жан екен. Бірақ жүрегі… тұнып тұрған мейірім. Әндерімнің бәрін жатқа біледі екен… Тілегін орындап, «Асыл әжемді» бірге шырқадық. Сол сәтте сахна да, зал да, бәрі тоқтап қалғандай болды… Егер бір жүрекке жылулық сыйлай алсам — мен үшін ең үлкен бақыт сол. Алла разы болсын!"деп жазды Қарақат Әбілдина.