Екі өнер иесіне де ақжарма тілектерін жаудырып жатыр.
Әлеуметтік желіде жарияланған видеода әнші Әбдіжаппар Әлқожа өзіне ерекше сый берілгенін айтты. Ол бұл қуанышты жаңалығын Instagram парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
"Ағадан ініге өткен сері сый!
Аттың аты “SeriSi’”
Жігітшілікті шегіне жеткізіп жасайтын менің Мейрамбек ағам,елдің Мейрамбегі жасасын.!!!
Ал құтты болсынды жаудырыңыздаршы", деп жазды өнер иесі.
Айтуынша, бағалы сый – тұлпарды оған Мейрамбек Бесбаев тарту еткен.
Желі қолданушылары бұл жаңалықты жылы қабылдап, екі өнер иесіне де ақжарма тілектерін жаудырып жатыр.