Сот оның заңды бірінші рет бұзғанын ескеріп, 20 АЕК немесе 86 500 теңге көлемінде айыппұл тағайындады.
Қызылордадан Павлодарға бара жатқан пойызда мас күйде жанжал шығарып, жолаушы әйелге тиіскен жайдарманшы Ақылбек Скендіровке айыппұл салынды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оқиға 26 сәуір түні болған. Бұл туралы алдымен әлеуметтік желіде жәбірленуші келіншектің өзі жазды. Оның сөзінше мас күйдегі жайдарманшы балағат сөздер айтып, агрессивті мінез танытқан әрі түнде демалуына кедергі келтірген.
Кейін сот бұл әрекетті ұсақ бұзақылық деп бағалады. Ақылбек Скендіров істі қарау барысында өз кінәсін толық мойындап, кешірім сұрады. Сот оның заңды бірінші рет бұзғанын ескеріп, 20 АЕК немесе 86 500 теңге көлемінде айыппұл тағайындады. Сондай-ақ ол өз парақшасында арнайы бейнежазба жариялады.
«Қатемді кешіріңдер», – деп жазды жайдарманшы.