Әлеуметтік желіде жарияланған өлеңде ақын Баян Алагөзованың кең пейілі мен үлкенге деген құрметін ерекше атап өткен.
Дәнел Тұрысбеков продюсер Баян Алагөзованың актриса Меруерт Өтекешоваға жасаған ерекше сыйлығына әсерленіп, жүрекжарды жыр арнады, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.
Әлеуметтік желіде жарияланған өлеңде ақын Баян Алагөзованың кең пейілі мен үлкенге деген құрметін ерекше атап өткен. Әсіресе, «Қыз Жібек» фильміндегі аңызға айналған бейнені сомдаған Меруерт Өтекешоваға көрсетілген ілтипат көпшіліктің ықыласына бөленген.
Ақын өз жырында:
«Меруерттей апамызға шапан жаптың, Құлағына бриллиант-алтын тақтың! Пәтер жалдап тұрады дегенді естіп, Берекесін келтірдің шаңырақтың!» —
деп, продюсердің жасаған жақсылығын ерекше тебіреніспен жеткізген.
Қыз Жібек пен Баян сұлу Қыз Жібектің көз жасын сүрткен ханым! Өз басынан түрлі сынақ өткен ханым! Рухы биік мақсатына жеткен ханым! Баянды болсын ғұмыры бұл Баянның! Комзол жайлы жарыса жаздың жұртым, Жақтыртпай кейбіреуің хайып қудың Шын көңіл мен пейілін білмей тұрып Не керегі бар екен айыптаудың Қыз Жібектің көз жасын сүрткен ханым! Өз басынан түрлі сынақ өткен ханым! Рухы биік мақсатына жеткен ханым! Баянды болсын ғұмыры бұл Баянның! Меруерттей апамызға шапан жаптың, Құлағына бриллиант-алтын тақтын! Пәтер жалдап тұрады дегенді естіп, Берекесін келтірдің шаңырақтын! Қыз Жібектің көз жасын сүрткен ханым! Өз басынан түрлі сынақ өткен ханым! Рухы биік мақсатына жеткен ханым! Баянды болсын ғұмыры бұл Баянның! Үлгі алыңдар ерлерім, аруларым, Үлкендерді сыйлаған бауырларым! Кішілерге ізетін көрсететін, Аллам қолда қазақтың ұл-қыздарын! Қыз Жібектің көз жасын сүрткен ханым! Өз басынан түрлі сынақ өткен ханым! Рухы биік мақсатына жеткен ханым! Баянды болсын ғұмыры бұл Баянның! Кешегі күннің Меруерт апам Қыз Жібегі, Бүгінгі күннің Баян ханым Қыз Жібегі! Ел ауызында қалатын екі аруды, Керегін түртер ертеңгі күннің Қыз - Жібегі!