$ 461.26  542.58  6.18

Нұрлан Сабуров Ресейде тіл тестін тапсыра алмады

Бұл туралы әзілкеш Дубайдағы өнер көрсетуі кезінде мәлімдеді.

Фото: Вконтакте
Фото: Вконтакте

Қазақстандық танымал комик Нұрлан Сабуров Ресей Федерациясында ресми құжаттарды рәсімдеу кезінде орыс тілінен емтихан тапсыра алмағанын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы әзілкеш Дубайдағы өнер көрсетуі кезінде мәлімдеді. Оның айтуынша, ол Ресейде құжаттарды алуға тырысқан, бірақ тілдік сынақтан өте алмаған.

Сабуровтың бұл мәлімдемесі желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсіп, көпшіліктің назарын аударды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0