12.05.2026, 05:30

«Әулетіміздің еркетотайы!»: Мөлдір Әуелбекова келініне көлік сыйлады (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

Желі қолданушылары мен өнердегі әріптестері де жас келінге ақ тілектерін жаудырды.

Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желіде келініне жаңа көлік сыйлағанын жариялап, көпшілікті сүйсінтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әнші Instagram парақшасында жаңа көлікпен түскен видеоны бөлісіп, жазба қалдырған.

«Әулетіміздің еркетотайы! @anelya_madesheva келінімнің арманын орындау маған бұйырыпты! Су жаңа тұлпарың жақсылыққа жүргізсін! Ортамызда осылай жарқырап жүре бер, ботақан! Жұғысты болсын!», – деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары мен өнердегі әріптестері де жас келінге ақ тілектерін жаудырды.

Пікір білдіргендердің бірі: «Әнел әпке, құтты болсын! Берекелі болсын. Мөлдір, сен әрдайым қуаныш сыйлағанды жақсы көресің», – деп жазған. Тағы бір оқырман: «Керемет! Құтты көлік болсын. Әнел келіншекке әбден лайық. Ақжолтай көлік болсын, қатты қуанып отырмын. Мөлдір қандай жомарт жан», – деген пікір қалдырған.

Ал тағы бір желі қолданушысы: «Келініңіз сізге ұқсайды екен. Өз үйін тастап, жат-жұрттық болып келген келініңізге қуаныш сыйлай білген жандарға Алланың берер ризығы таусылмасын. Құтты, берекелі көлік болсын. Әр қазаққа осындай салоннан су жаңа көлік алуды нәсіп етсін», – деп тілегін жеткізді.

Сондай-ақ желіде: «Тізгінің берік, жолың ашық болсын. Көлігің тек қуаныш пен жақсы жаңалықтарға жеткізе берсін», – деген ақжарма тілектер де жазылған.