$ 461.26  542.58  6.18

«Төбе шашым тік тұрды»: Тұңғышбай Жаманқұлов бұрын-соңды ел естімеген шындықты айтты (ВИДЕО)

Актер “Жеркіндік” атауының астарында қазақ халқының кең ойы, терең танымы мен көрегендігі жатқанын атап өтті.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр

Белгілі актер, ұстаз Тұңғышбай Жаманқұлов Байқоңырдың көне атауына қатысты естіген мәлімет өзіне қатты әсер еткенін айтты, деп хабарлайды Sn.kz сайты.

Өнер қайраткерінің айтуынша, ол жақында Байқоңыр аймағының ертеректегі тарихи атауы туралы білген. Актердің сөзінше, бұл мекен бұрын “Жеркіндік” деп аталған.

“Жақында Байқоңырдың ел болып тұрған кездегі алғашқы атауын естідім. Төбе шашым тік тұрды. Бұрынғы атауы – Жеркіндік екен. Дәл сол жерден бүгінде адамзат ғарышқа самғап жатыр”, – деді Тұңғышбай Жаманқұлов.

Актер “Жеркіндік” атауының астарында қазақ халқының кең ойы, терең танымы мен көрегендігі жатқанын атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 37
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Ашулы 0