13.05.2026, 01:30

«Ат айналып қазығын табады»: Тұрсынбек Қабатов Мөлдірмен қосылды деген ақпар шықты (ФОТО)

Коллаж: SN.kz

Бұл жолы желідегі шуға әзілкеш Қабатовтың бірінші әйелі Мөлдір Мұқановамен түскен барлық суретін парақшасына қайта шығаруы себеп болған.

Қоғам талқысында жүрген әзілкеш Тұрсынбек Қабатов тағы да желіні шулатты, - деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл жолы желідегі шуға әзілкеш Қабатовтың бірінші әйелі Мөлдір Мұқановамен түскен барлық суретін парақшасына қайта шығаруы себеп болған. Осыдан кейін _t_a_d_d_s_ нигімен танымал әзілкештің екінші әйелі Айманның парақшасы желіден жоғалып кеткен. 

"Тұрсынбек Мөлдірмен түскен фотоларын инстасына шығарып қойыпты. Қуанып тұрмын. Айман әпшеміз инстадан жоқ болды. Ол да екеу түскен суреттерін алып тастағанын байқаған едім. Не болды екен?", - деп жазды Threads қолданушысы.

Осыдан кейін желі қолданушылары жаппай пікір білдіре жөнелді. 

"Мөлдір, қайта қабылдасаң білмеймін енді", "Мөлдірдің қайта қабылдағаны дұрыс шығар", "Жақсы белгі болса екен. Айманның енді обалы жоқ шығар, о бастан отбасылы еркекпен жүрді. Ортадағы балаларға обал", "Ешқашан біреудің отбасын бұзбаңыздар", "Елді шулатып алып енді қалай бірге тұрады екен", "Адасқанның айыбы жоқ", "Ат айналып қазығын табады", деді пікір білдірушілер.