Кейбіреулер “тұрмысқа шыққалы жатыр” деп жазып жатыр.
Танымал актриса әрі продюсер Дариға Бадықова алдағы шығармашылық жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі Instagram желісіндегі парақшасында жуырда Өскемен қаласында жаңа фильмнің түсірілімі басталатынын мәлімдеген.
«Бұйырса, Өскеменде жаңа фильм түсіреміз», – деп жазды актриса.
Айта кетейік, бұған дейін Дариға Бадықова тың әрі ауқымды жоба дайындап жатқанын айтқан еді.
«Қазақстанда өте күрделі фильм түсіреміз. Кейбіреулер “тұрмысқа шыққалы жатыр” деп жазып жатыр. Бірақ ол – болашақтың еншісіндегі дүние. Қазір үлкен бір жобаға дайындық жүріп жатыр», – деген болатын продюсер.