13.05.2026, 03:30

«Көре алмай отыр»: Баянға ерсі сұрақ қойған Динара Сәтжан көптің ашуын тудырды (ВИДЕО)

Коллаж: SN.kz

“Журналисттік этика қайда?”. 

Тележүргізуші Динара Сатжан бағдарламасына шақырған жақын досы Баян Алагөзова мен оның жұбайы Тұрсын Алагөзовтің сұхбаты желіде кеңінен таралуда, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оның сұрағы көпшілікке тым ерсі көрінді.  Сұхбат барысында Динара Тұрсынға:

"Әйеліңіздің кинодағы сүйіскен кадрына қалай қарайсыз? Бұл бірден түсірілген кадрлар емес, бірнеше рет қайталанған. Қызғанбайсыз ба?" — деп сұрақ қойған.

"Сүйісу 2 дубль ғана түсіріледі. Мен бірінші дубльден-ақ алып шығамын. Жалпы саны 4-5 рет сүйісу болды", - деді Баян Алагөзова. 

Тұрсын Алагөзов бұл сұраққа әзілмен жауап берді.  Бұл сәтке көпшілік наразылық білдіріп, түрлі пікір қалдырды. 

“Бұндай достан Құдай сақтасын”, “Көре алмай отыр ғой”, “Журналисттік этика қайда?”, “Көре алмайтыны көрініп тұр”- деп жазды желі қолданушылары.