$ 461.26  542.58  6.18

«Көшеде туфлимен жүретін»: Ерке Есмаханның құрбысы оның бала кезі жайлы айтты (ВИДЕО)

"Ерке Есмаханның жұлдызды жолы осылай басталған".

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Танымал әнші Ерке Есмаханның құрбысы оның бала кездегі қылықтарын айтып берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Концерттердің бірінде Динара Сәтжан одан "Еркенің болашақта жұлдыз болатыны кішкентай кезінде байқалатын ба еді?" деп сұрақ қойды.

"Ерке бала кезде жылауық болған жоқ. Үйінің еркесі болды. Екеуміз балабақшаға да, садикке де бірге бардық. Мынадай бір қызық болатын. Екеуміз де 7 жастамыз. Біздің мамамыз бен папамыз туфли алып берді. Ол кезде 450 теңге тұратын, ол үлкен ақша. Еркеде қызыл туфли, менде қара туфли болды. Асфальті бар, туфлидің дыбысы шығатын көшеде екеуміз білетін орысшамыздың барлығын айтып туфлимен жүреміз. Ерке Есмаханның жұлдызды жолы осылай басталған", - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0