$ 463.91  544.63  6.26

«Бәріміз мәзбіз»: Гүлзира Айдарбекова қуанышты жаңалығын жария етті (ВИДЕО)

Еңбегі еселене берсін!

Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova
Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісіп, немересінің жетістігіне мақтанып, жүрекжарды тілегін арнады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі бұл жолы атасының ерке қызы атанып кеткен немересі Ақмөрдің байқауда топ жарып, бірінші орын алғанын ерекше қуанышпен жеткізді. Продюсердің айтуынша, кішкентайынан өнерге жақын болып өскен бүлдіршін бүгінде еңбегінің жемісін көріп жатыр.

«Бүгін немереміз, атасының Сезімнен кейінгі жеке қызы Ақмөр қызымыз 1-ші орын иемденіп, мәз болып отырмыз! Титтейінен тер төгіп, мектептен шаршап келгеніне, әлсіз нәзіктігіне қарамай, қас қарайғанша қаншама дайындыққа барып қатысып жүргені қуантады. Еңбегі еселене берсін! Нұртас әулетінің де, қазақ елінің де мақтанышы болуын Алла қабыл етсін!» – деп жазды ол.

Желі қолданушылары да кішкентай Ақмөрдің жетістігіне сүйсініп, жылы лебіздерін жаудырды. Көпшілік оның еңбекқорлығына тәнті болып, болашағынан зор үміт күтетіндерін жазған.

Айта кетейік, Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде отбасы жаңалықтарын жиі бөлісіп, немерелерінің өнерге жақын екенін айтып отырады. Бұл жолы да продюсердің қуанышын оқырмандары бірге бөлісті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0