13.05.2026, 14:20

«Ешкімде жоқ бұйым»: Тұрсын Алагөзов Баянға ерекше сыйлық жасады (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

Оның айтуынша, саф алтыннан арнайы дайындалған әшекейлерге махаббаттың, тәңір белгісінің, өз руы Масқардың, сондай-ақ байлық пен бақыттың нышандары бейнеленген.

Белгілі продюсер Баян Алагөзова Жеңіс күніне орай жұбайы, кәсіпкер Тұрсын Алагөзов ерекше сыйлық жасағанын айтып, желіде видео жариялады деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Продюсер әлеуметтік желідегі парақшасында күйеуінің тартуын көрсетіп, бұл сыйлықтың әлемде теңдесі жоқ екенін атап өтті.

«Достар, бүгін ұйықтай алмай жатырмын. Жолдасым маған 9 мамырға ерекше сыйлық жасады. Мұндай бұйым ешкімде жоқ», – деген Баян Алагөзова бес білезікті көпшілікке көрсетті.

Оның айтуынша, саф алтыннан арнайы дайындалған әшекейлерге махаббаттың, тәңір белгісінің, өз руы Масқардың, сондай-ақ байлық пен бақыттың нышандары бейнеленген.

Желі қолданушылары продюсердің қолындағы салмақты әрі көлемді бес білезікке ерекше назар аударып, қызу талқыға салды.