Бұл туралы әнші желідегі парақшасында жазды.
Танымал әнші Әділ Сламхан мен Дана Маханбаева сүйінші жаңалықтарымен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иелерінің ұлы Назарбаев зияткерлік мектебіне оқуға түсті.
Бұл туралы әнші желідегі парақшасында жазды.
"Сүйінші ағайыыыыын! Абылайымыз НИШ мектебіне Грантқа түсті (1300) балмен. Аллаға шүкір тәуба осы күнге жеткізген. Көп тілегі көл деген қаншама халық тілек жазған еді ! Мың алғыс ! Аааал құттықтаулар қабылданады. Осы сәтті түсімде көрген едім …. Қуанышымызда шек жоқ ! Ерекше алғыс 2 жыл бойы оқытқан @iqstudy.kz оқу орталығына. Сіздергеде осындай қуаныш жұғысты болғай", - деп жазды ол.
Көпшілік жұлдызды жұпты құттықтап, тілектерін жаудырды.