Оның сөзінше, тойда ән айтып жүрген кездің өзінде өзін кино әлемінде елестетіп, сапалы фильмдер түсіруді армандаған.
Танымал актриса әрі продюсер Дариға Бадықова кино саласына келу жолын еске алып, бұл өнерге бала күннен қызыққанын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оның сөзінше, тойда ән айтып жүрген кездің өзінде өзін кино әлемінде елестетіп, сапалы фильмдер түсіруді армандаған.
«Кино ғашығымсың! Кино шабытымсың! Кино абыройымсың! Кино дамытушымсың! Кезінде тойда ән айтып жүргенде қиялдап елестететінмін, кино әлемінде жүрсем, жақсы кинолар түсірсем деп армандайтынмын. Тек тойдан аса алмай қалмасам екен деп қорқатынмын», – деді Дариға Бадықова.
Продюсер бүгінде кино саласында өз жолын тапқанына қуанышты екенін айтып, шығармашылық сапарында қолдау білдірген жандарға алғысын жеткізді.