$ 467.63  547.69  6.36

«Қолынан бәрі келеді»: Баян Алагөзова өгей ұлының мақтауын асырды

Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі парақшасында жас маманға қолдау білдіріп, ақ тілегін арнады.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Продюсер Баян Алагөзова өгей ұлы Арсен Алагөзов туралы жылы жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Белгілі болғандай, кәсіпкер Тұрсын Алагөзов ұлы Арсенді өзінің зауыттарының біріне басшылық қызметке тағайындаған. Осыған байланысты Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі парақшасында жас маманға қолдау білдіріп, ақ тілегін арнады.

“Алагөзов кіші үлкен құрметке лайық. Оның қолынан бәрі келеді! Арсен, жаным, әкеңнің бизнесі мен әулетінің лайықты жалғасы бол”, – деп жазды продюсер.

Желі қолданушылары да Арсен Алагөзовке сәттілік тілеп, оның жаңа қызметіне қатысты пікір білдіріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0