$ 467.63  547.69  6.36

«Әйелдер – нағыз суперқаһарман»: Қазақстандық танымал блогер алғаш рет әке атанды

Әйелдің қаншалықты мықты екенін сонда түсіндім.

Фото: instagram.com/ratbek
Фото: instagram.com/ratbek

Танымал қазақстандық блогер Ратбек Баянов алғаш рет әке атанды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Блогер сүйінші жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, әсерлі жазба жариялады. Оның айтуынша, 2 сәуірде қызы дүниеге келген. Сәбиге Зейне есімі берілген.

“Әлі күнге дейін әке болғаныма сене алмай жүрмін. Енді үйде мені сүйікті жарым ғана емес, екі қызым күтіп отыр”, – деп жазды ол.

Ратбек жұбайының жанында серіктестік босануға қатысқанын да айтты. Оның сөзінше, сол сәттен кейін әйел затына деген көзқарасы өзгерген.

“Әйелдің қаншалықты мықты екенін сонда түсіндім. Әйелдер – нағыз суперқаһарман”, – дейді блогер.

Ол қызының алғашқы жылаған дауысын естіген сәтін өміріндегі ең ерекше күндердің бірі деп атады.

“Айшок, сен өте мықтысың. Рақмет саған. Баламның анасы болғаның үшін алғыс айтамын. Қазір мен ең бақытты адаммын”, – деп жазды Ратбек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0