Әзірге Тұрсынбек Қабатов та, Мөлдір Мұқан да желіде тараған суретке қатысты ресми пікір білдірмеді.
Желіде Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанның бірге түскен суреті тарап, көпшіліктің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Мәліметке сәйкес, Мөлдір Мұқан іссапармен Қырғызстанға барған. Көп ұзамай әлеуметтік желілерде оның әзілкеш Тұрсынбек Қабатовпен бірге түскен фотосы жарияланып, желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды.
Көпшілік бұл суретті қызу талқылап, бірі олардың қайта жарасқанын жақсылыққа балады. Ал енді біреулері бір ғана фотоға қарап нақты қорытынды жасауға болмайтынын айтып жатыр.
Әзірге Тұрсынбек Қабатов та, Мөлдір Мұқан да желіде тараған суретке қатысты ресми пікір білдірмеді. Соған қарамастан, оқырмандар олардың әлеуметтік желідегі жазбалары мен фотоларына сүйеніп, қарым-қатынасына қатысты түрлі болжам жасап жатыр.